Еліміздің қызыл кітабына енгізілген өсімдікті талғажау қылмақ болған әжейді аймақтағы Глубокое аудандық соты осындай жазаға тартты. Айына 32 мың теңге зейнетақы алатын 60 жастағы кейуана енді 5 жыл бойы осы берешекті өтемек, деп хабарлайды 7-арна.
Светлана Колесникова Черемшанка ауылындағы құс фабрикасында өмір бойы құсшы болып еңбек еткен. Кәсіпорын банкротқа ұшырағаннан бері орманнан жеміс-жидек терумен күн көріп келеді. Елді-мекеннің тұрғыны енді осы әрекеті үшін мемлекетке қомақты айыппұл төлемек. Табиғат қорғау полициясы оны жабайы пияз жинап жүрген жерінен ұстап алған.
Жалпы Черемшанка ауылында биыл осындай факт үшін 3 тұрғын жауапқа тартылыпты. Олардың барлығына табиғатқа аса үлкен мөлшерде зиян келтіргені үшін айыппұл салынған.