Хилари Клинтонның жаңа мемуары жарыққа шықпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хилари Клинтонның жаңа мемуары жарыққа шықпақ

Хилари Клинтонның жаңа мемуары жарыққа шықпақ

Бұрынғы мемлекеттік хатшы, экс-бірінші ханым Хилари Клинтонның жаңа кітабының жарыққа шығуына орай АҚШ-тың бірқатар қалаларын аралауы, бақылаушылардың пікірінше, 2016 жылы оның президенттік сайлауға қатысуына жәрдемдеседі, деп хабарлайды Би-би-си.

  • 10 Маусым 2014
  • 319
Фото - Caravan.kz


«Қиын баламалар» атты жаңа мемуарында Клинтон елдің сыртқы саясатын қалыптастыруда қазіргі президент Барак Обама жүргізіп жатқан саясаттан өзгеше жүйені қалыптастырушы прагматик ретінде көрсетуге тырысқан.

Мемлекеттік хатшы лауазымынан кеткеннен кейін сыртқы істер министрі ретінде ол алғаш рет өз саяси оппоненттерінің тарапынан талай сынға ұшырады. Әсіресе 2012 жылы қыркүйекте Бенгазидегі АҚШ консулдығына жасалған шабуылдан кейін.