Ашынасы бар шенеуніктер қызметінен қуылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашынасы бар шенеуніктер қызметінен қуылатын болды

Ашынасы бар шенеуніктер қызметінен қуылатын болды

Қытайда ашынасы бар шенеуніктер қызметінен қуылатын болды.  Енді олар өз әйелінен бөтен келіншектермен көңіл қосса, тек жұмыстан кетіп қана қоймай, партия қатарынан да аластатылады.         

  • 18 Шiлде 2014
  • 159
Фото - Caravan.kz


Аспан асты елі мұндай шараны жемқорлықты жаппай жою үшін қолға алып отыр. Өйткені бұл елде атқамінерлер өз әйелінен гөрі көңілдестеріне көп ақша жұмсайтын көрінеді. Солардың көңілін табамын деп көптеп пара алады екен. Осылайша, 1 ай ішінде жарының көзіне шөп салған 6 қызметкер ұсталды. Шенеуніктер пара алып, сүйіктілеріне қымбат сыйлықтар жасаған. Жаңадан енген тәртіпті, әсіресе, мемлекеттік қызметкерлердің заңды некедегі әйелдері қуана қолдап отыр.