Жамбыл облысында иісшіл ит героинді шекарадан өткізбеді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында иісшіл ит героинді шекарадан өткізбеді

Жамбыл облысында иісшіл ит героинді шекарадан өткізбеді

Жамбыл облысында тағы да есірткі тасыған шетел азаматы ұсталды. Бұл жолы да Қырғызстанның тұрғыны 10 келі героинді елімізге алып өтпек болған.

  • 18 Шiлде 2014
  • 210
Фото - Caravan.kz


Күдікті есірткіні көлігінің артқы орындығының қуысына жасырыпты. 20 пакетке қапталған героинді иісшіл ит тауып алған. 44 жастағы жігіт оны нақты қайда апара жатқанын айтудан бас тартып отыр. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті. Айта кетсек, кеше дәл осылай 30 келіге жуық героинды Ресейге алып өтуге әрекеттенген тағы бір шетелдіктің жолы кесілген еді.