Трансаэро мен Air France шығыс Украина үстімен ұшуларды тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трансаэро мен Air France шығыс Украина үстімен ұшуларды тоқтатты

Трансаэро мен Air France шығыс Украина үстімен ұшуларды тоқтатты

«Трансаэро» және «Air France»  авиакомпаниялары малайзиялық Boeing 777 ұшағы апатқа ұшырауына байланысты шығыс Украина үстімен ұшуларды тоқтатты, деп хабарлады компаниялардың баспасөз қызметтері.

  • 18 Шiлде 2014
  • 320
Фото - Caravan.kz

«Трансаэро»  авиакомпаниясы қазірден бастап өзінің барлық ұшуларын Украинаның әуе кеңістігін айналып өтіп, үшінші елдерде орындауға шешім қабылдады», деп хабарлады Трансаэро.

Сонымен бірге компания Мәскеуден Киевке, Днепропетровскіге және Одессаға рейстер орындайтын   «Трансаэро» ұшақтары бірнеше айдан бері Донецк және Луганск облыстарының аумағы үстімен ұшпайтынын нақтылады.

Air France 2014 жылғы 3 сәуірден бері оның ұшақтары Қырымға ұшпайтынын атап өтті. Авиаапатқа байланысты бұл компания да шығыс Украинаның әуе кеңістігін айналып өтуге шешім қабылдады.