Air Astana Киевке қатынайтын рейстерін тоқтату туралы шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Air Astana Киевке қатынайтын рейстерін тоқтату туралы шешім қабылдады

Air Astana Киевке қатынайтын рейстерін тоқтату туралы шешім қабылдады

Air Astana әуе компаниясы Алматы-Киев-Алматы рейсін тоқтатты.

  • 18 Шiлде 2014
  • 827
Фото - Caravan.kz

«Air Astana 17-шілде күні Амстердам – Куала-Лумпур рейсін орындау барысында Malaysia Airlines әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қайғырып көңіл айтады. Оқиғаның анық-қанығы нақтыланғанша Air Astana компаниясының КС 401/402 Алматы-Киев-Алматы бағытына қатынайтын рейстері 18-шілдеден бастап бір тәулікке кейінге шегерілді», — делінген компанияның Facebook торабындағы парақшасында.

«Барлық өзгерістер туралы жолаушыларға қосымша хабарланады. Рейсті орындау мүмкін болмаған жағдайда немесе жолаушылар ұшудан бас тартқан жағдайда билет қайта броньдалады немесе билет құны комиссиясыз қайтарылады», — делінген онда.