Малайзиялық ұшақтың апат болған жерінен 121 адамның мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малайзиялық ұшақтың апат болған жерінен 121 адамның мәйіті табылды

Малайзиялық ұшақтың апат болған жерінен 121 адамның мәйіті табылды

Жұма күні таңғы сағат 7:00-ге дейін малайзиялық ұшақ апатқа ұшыраған жерден 121 адамның мәйіті табылды.

  • 18 Шiлде 2014
  • 481
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Украинаның ТЖ жөніндегі мемлекеттік кеңесі хабарлады.

«Амстердам-Куала-Лумпур» бағытын бетке ұстаған «Воинг-777-200» ұшағының бортында барлығы 298 адам болған. Оның 15-і экипаж мүшесі.

Хабарламада «іздеу жұмыстарына қаруланған сепаратистер кедергі келтіріп» жатқаны айтылған.

Ұшақ сағат 16:20-да радар бетінен жоғалып кеткен. Бір сағаттан кейін ТЖ мамандары Донецк облысы Шахтер ауданының Рассыпное және Грабовое ауылдарының ортасынан өртке оранған ұшақты тауып алды. Жалын сағат 17:40-та ауыздықталып, мәйіттерді іздеу жұмыстары басталған болатын.