Бұл туралы еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.
«2010 жылдан бері кәсіпорындардағы жалақы қарызы 4,6 млрд теңгеден 623 млн теңгеге дейін төмендеді», — деді ол жұма күні Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысында.
Бас прокурордың айтуынша, жыл басынан бері 40 кәсіпорында 668 млн теңгелік жалақы қарызы өтелген.
Осы орайда А.Дауылбаев 271 млн теңге жалақы қарызын төлетуге қол жеткізген Қарағанды және Қостанай облыстары прокурорларының жұмысын жоғары бағаады.
«Атырау облысының прокуратурасы қиындыққа душар болған компаниялардағы жалақы қарызын толық өтеуге ықпал етті», — деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, биылғы жылдың бірінші жартысында әлеуметтік-экономикалық салада 269 мыңнан астам заң бұзушылық анықталған.
«12700 заңсыз құқықтық актінің күші жойылып, 35 мыңнан астам тұлға түрлі жауапқа тартылды. 300 қылмыстық іс қозғалды», — деді бас прокурор.