«Мұнай және газ министрлігі 2014 жылдың 17 шілдесінде мұнайдың әлемдік бағасы бойынша мағлұматтар мен есеп-қисап берілген кестені агенттікке ұсынбады», — деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлімдеді.
Мұнай және газ министрлігі ай сайын, он бесінен кешіктірмей Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне алдыңғы күнтізбелік айдың он бесінен ағымдағы айдың он төрті аралығында қалыптасқан әлемдік мұнай бағасы бойынша мағлұматтар мен есеп-қисап қосымшалары бар кесте береді. Осы мәліметтер негізінде агенттік Мұнай және газ министрлігі және Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің келісімімен мұнай өнімдерінің бөлшек сатылымдағы мөлшерлі бағасын белгілейтіні мәлім.