ICAO, Нидерланды, Малайзия және АҚШ сарапшылары ұшақ апатын тексеру үшін Украинаға шақырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ICAO, Нидерланды, Малайзия және АҚШ сарапшылары ұшақ апатын тексеру үшін Украинаға шақырылды

ICAO, Нидерланды, Малайзия және АҚШ сарапшылары ұшақ апатын тексеру үшін Украинаға шақырылды

Украина Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) сарапшыларын,

  • 18 Шiлде 2014
  • 457
Фото - Caravan.kz


Нидерланды, Малайзия, АҚШ өкілдерін малайзиялық әуе ұшағына қатысты бақытсыз жағдайды тексеру жөніндегі комиссия құрамына шақырды.

Бұл туралы Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің өкілі Андрей Лысенко мәлімдеді.

«Украина президентінің тапсырмасымен үкімет осы апатты тексеру үшін арнайы комиссия құрды. Тексерудің барынша әділ болуын қамтамасыз ету мақсатында Украина президентінің бастамасымен комиссия құрамына Халықаралық азаматтық авиация ұйымының сарапшылары, сондай-ақ Нидерланды, Малайзия және АҚШ өкілдері шақырылды», — деп ол бүгін Киевте өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.