Австралиялық отбасы Malaysia Airlines компаниясының «Боинг» ұшақтарымен болған екі апатта да туыстарынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австралиялық отбасы Malaysia Airlines компаниясының «Боинг» ұшақтарымен болған екі апатта да туыстарынан айырылды

Австралиялық отбасы Malaysia Airlines компаниясының «Боинг» ұшақтарымен болған екі апатта да туыстарынан айырылды

Австралиялық отбасы Malaysia Airlines әуе компаниясының ұшақтарымен таяуда болған екі апат салдарынан туыстарынан айырылды, деп австралиялық «Сидней морниинг геральд» газеті мәлімдеді.

  • 19 Шiлде 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін биылғы жылы Ирэн мен Джордж Барроуз Malaysia Airlines компаниясының наурыз айында жоғалып кеткен "Боинг-777" ұшағында болған ұлы Родни мен оның зайыбы Мэриден айырылған болатын.

Бейсенбі күні Украинаның шығысында болған апатта Барроуздардың немересі Мари күйеуі Альбертпен қайтыс болғаны мәлім болды.

Malaysia Airlines әуе компаниясының Амстердамнан Куала-Лумпурға бет алған "Боинг-777" ұшағы Украинаның шығысында апатқа ұшырады. 298 адам қайтыс болды.


Қайтыс болғандардың арасында 27 шақты австралиялық азамат бар.