Газа секторында атыс тоқтамай тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Газа секторында атыс тоқтамай тұр

Газа секторында атыс тоқтамай тұр

ХАМАС-тың кесірінен қараша халық қырылып жатыр. Палестиналық осы ұйымның содырларына қарсы операцияны желеу еткен Израиль әскері енді Газа секторына жерде де шабуыл жасауға көшті. Бұған дейін аймаққа бірнеше күн бойы әуеден соққы жасалған болатын.

  • 19 Шiлде 2014
  • 206
Фото - Caravan.kz


Қарапайым халықтан маза кеткен. Қазіргі мәлімет бойынша, қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны екеу. Оның бірі бес айлық сәби. Жергілікті аурухана дәрігерінің айтуынша, олар қарулы шабуыл салдарынан көз жұмған. Бұған дейін Израиль тарапы 5 сағаттық үзілістен кейін Газаға қайта соққы беретінін ресми түрде мәлімдеген болатын. Елдің Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қазіргі таңда қарулы шабуыл әуеден де, жерде де, теңізде де жүргізіліп жатыр. Жалпы, Израиль оқ атуды бастаған бір апта ішінде 500-дей адам ажал құшқан.