Бес литрлік пластмас бөтелкелерге құйылған таңқурай тосабын кәсіпкер туыстарыма апара жатырмын деп тәртіп сақшыларын алдамақ болды. Ал жолсерік шымкенттік жігіттің оны сатуға алып кегенін, тасуға көмектескені үшін кейін өзімен есептеспек болғанын бүкпесіз айтты. Негізі, әр жолаушы құжатсыз 36 келідей жүк алып жүре алады. Ал мына тауар – бір тонна. Бір қызығы, тосапты иесіне қайтарып беретін болды. Ал заңсыз әрекетке барған жолсерікке қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.