Жол апаты таңата қаланың қақ ортасында болды. Мотоцикл мінген желөкпе бұрылып бара жатқан көлікке бар пәрменімен соғылған. Жүргізуші қатты соққыдан айналып барып машинаның капотына ұрылып, содан кейін жолдың шетіне ұшып түсті. Оқиға куәгерлері дер кезінде көмек шақырған. Ауыр жараланса да қазір қос дөңгелекті көлік иесі дін аман.