Сирияға жиһадқа жиналған қазақтардың кезекті видеосы көпшілікті шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирияға жиһадқа жиналған қазақтардың кезекті видеосы көпшілікті шошытты

Сирияға жиһадқа жиналған қазақтардың кезекті видеосы көпшілікті шошытты

Жиһадта жүрген қазақтардың кезекті видеосы ғаламторды дүр сілкіндірді. Бұл жолғы бейнежазбада қандастарымыз Сирияға «кәпірлер мен демократтарға» қарсы соғысуға келгенін айтады. 8 минуттық роликте қару асынған жігіттердің дінінен адасқаны соншалық, өздерін өлімге тігіп жатыр. Ал жастарды арбап, соғыс ошағына жеткізгендер қашанғыдай кадрдан тыс қалған. Сөйтіп Сирияға қазақ жастарын тобымен апарып өздері тасада қалған қаскөйлер интернет арқылы уағызын тағы күшейткен сыңайлы.  Оның үстіне радикалды  «Ирак пен Левантта ислам мемлекетін құру ұйымына» барып қосылған   жас жігіттердің еш кедергісіз шекарадан қалай асқаны  түсініксіз.

  • 22 Шiлде 2014
  • 472
Фото - Caravan.kz

Бір-бірден қару асынған 16 қандасымыз кезекті үндеуін зеңбірек тиелген көліктің жанында жариялайды. Кейбірі тұмашаланып алған, бірақ  көбісі бет-жүзін жасырып тұрған жоқ. Ал қарулы топтың ортасынан сөз алған мына қазақ жігіті Сирияға не үшін келгенін түсіндіріп тұр.

ӘбуӘниса:

-Бұл біздің ауыр артиллериямыз. Кәпірлермен және  демократтармен соғысып жатырмыз. Әлхамдулилла, демократтарды жер бетінен құртып жіберсек, Шам жерінен иншалла.  Сосын шейіттерді құртамыз иншалла. Кейін Алла тағаллаға уәде еткендей, жер бетінде шариғат орнайды. Және, осы жолда соңына дейін жүріп  Алланың  заңын орнатуға тырысамыз.

Аты-жөнін арабшалап алған Әбу Әниса бас-аяғы 8 минут сөйлейді. Радикалды топтың сапында «Башар Асадттың билігіне қарсы соғысып жатырмыз» дегендердің санасы әбден уланған. Дұрысы, улаған. Сондықтан тура жолдан «адастық» деп отырған жоқ.

ӘбуӘниса:

-Біз тақуамыз, біз бәрінен артықпыз деп айтпаймыз. Алла өзінің мейірімімен бізді таңдап алғандықтан, осыған шүкір етеміз.Мынау біздің тобымыз соғыстағы. Мұнда қазақтар көп иншалла. Барлығын үйрендіп алдық.  

Бейнероликтергі қазақтар «Тәуелсіз Сирия әскері» сапында соғысып жатқандарын айтады. Ал бұл радикалды топты Сауд Арабиясы мен Катардың қаржыландырып отырғаны белгілі. Алғашында «Тәуелсіз Сирия әскері» Башар Асадтты биліктен кетіреміз десе, енді Таяу Шығыста Ислам Халифатын құру үшін соғысып жатыр. Бұл топ қазір Иракта да  қырғын салуда. Сол қанды соғысқа таспадағы қазақтар да аттанғалы жатқанын айтып отыр. Алайда ғаламторды дүр сілкіндірген видеоның соңында жиһадшылардың өздерін өлімге тіккені мақтанышпен көрсетілген. Яғни таспадағы 16 қазақтың көбінің  шахид болғаны айтылады.   


-Дәл осындай видео былтыр күзде де, интернетке шығып кеткен еді. Онда 150 қазақтың бала-шасымен Сирияда радикалды топтардың қатарында соғысып жүргені көрсетілген. Кейін олардың дені Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының тұрғындары екені анықталды. Белгілі болғандай көп жағдайда отандастарымыз Сирияға Түркия арқылы жетіп жатыр екен. Ал соңғы бейнежазбаға қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті не Сыртқы Істер министрлігі әзірше, ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.