Жобаларды сипаттау қаржы есептерімен, өнім өндіру технологиясымен, бизнеске қажетті аспаптар мен техниканы сипаттаумен; нарықты маркетингтік талдаумен, сондай-ақ бизнес бастау үшін қаржыландырудың барлық ықтимал көздерін шолумен сүйемелденеді, деп хабарлады ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.
Басылымды ҚР Мәдениет министрлігінің қаржылай қолдауымен Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірледі. Тренингке қатысушылар анықтамаға ерекше қызығушылық танытты. Кездесу соңында олардың әрқайсысы бір-бір данадан кітап алды. Сондай-ақ тұсаукесер барысында палата өкілдері «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының 2014 жылға арналған «Қолданыстағы бизнесті жүргізуді сервистік қолдау» төртінші бағытын іске асыру жайында сөз қозғады.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасы экономиканың барлық секторларындағы шағын және орта бизнестің кәсіпкерлеріне тегін қызмет көрсететінін атап өткен жөн.