«60 жастағы Тараз тұрғыны қатаң тәртіптегі колонияға есірткі затын өткізбек болған кезде ұсталды. Тексеру кезінде қылмыстық атқару жүйесінің қызметкері аяқ-киімге арналған крем қорапшасынінің ішінен ақ ұнтақты зат салынған целлофан пакетін көріп қалған. Сот-химиялық сараптама қорытындысында мұның героин екені анықталды», — делінген хабарламада.
Келесі жағдай Алматы тергеу оқшаулағышында тіркелген. Әкелінген азық-түлікті тексеру кезінде бір бөлке наннан полиэтилен орамасына оралған зат табылды. Сараптама нәтижесінде олгашиш болып шықты. Салмағы 7 грамға жуық.
Аталған фактілер бойынша материалдар қылмыстық қудалау органдарына жолданды.
«Жалпы тыйым салынған заттардың шамамен 98% түзету мекемесіне өткізбек болған кезде алынады», — деп атап өтті республикалық пенитенциарлық жүйе ведомствосында.