Ертең Шоқан Уәлихановтың ізімен қазақстандық экспедиция Қашқарға жол тартады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең Шоқан Уәлихановтың ізімен қазақстандық экспедиция Қашқарға жол тартады

Ертең Шоқан Уәлихановтың ізімен қазақстандық экспедиция Қашқарға жол тартады

Ертең «Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойынша» ғылыми-танымдық экспедиция Қашғарияға қарай сапарға шықпақ.

  • 23 Шiлде 2014
  • 706
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін экспедиция жетекшісі, географ Орденбек Мазбаев мәлім етті.

Аталмыш жоба Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған. Кейін осы жұмыстардың қорытындысы ретінде экспедиция туралы альбом жарияланып, фильм түсірілмек.

О.Мазбаевтың мәлім еткеніндей, керуен ертең жолға шығады, оның құрамында ғалымдардан, географтардан, туризм саласының мамандарынан құралған 10 адам бар. Экспедиция ҚХР мен Қырғызстанның аумағы бойынша Ш.Уәлихановтың бағыт-бағдарымен жүргізіледі ұзақтығы 6 мың шақырымды құрайды: Үрімжі — Қарашаһар — Корла — Күчәр — Ақсу —   Атуш — Янгисар — Яркен — Қағылық — Хотан — Қашғар — Турагат — Нарын — Таш-Рабат — Бішкек.

«Ертең біз Үрімжіге жол тартамыз, одан Қашқарға қарай бет алып, жолай Қотан, Артуш қалаларынан өтеміз. Бұл қалалар Шоқан жазған ғылыми еңбктерде жақсы суреттелген мекен. Содан соң біз Тұрақат арқылы Қырғыз аумағына өтеміз. Шоқан Уәлихановтың ізіменен елге ораламыз. Жолда Шоқанның күнделігінде жазылған Таш-Рабат керуен сарайға бас сұғамыз», — дейді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, экспедицияның екінші мақсаты шетелдік туристерге «Орталық Азиядағы Ұлы Жібек жолы» атты экскурсиялық турды жасап беру.

«Ұлы Жібек жолын дамыту қажет. Ол үшін қазақстандықтар мен шетелдіктер үшін қызықты болатындай туристік турлар ұйымдастыру керек. ЭКСПО-2017 көрмесі жақындап келеді. Астанаға келген меймандар осы турлар арқылы төрт мемлекетті: Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстанды аралап шыға алады.

«Шоқанның сол кездегі миссиясы — әлемге беймәлім Қашқар өңірін анықтау, зерттеу болды. Оның сапары жасырын түрде өтті, ол керуенмен бірге көпес ретінде барып, Қашқар қалаларын зерттеді. Бұл орыс географиялық қоғамында үлкен жаңалық болатын. Біздің мақсатымыз — Шоқанның басып өткен жерлеріне барып, ғалым суреттеген Қашқар қалаларының соңғы 155 жылдағы өзгерістерінің қандай болғанын анықтау. Егер ол кісінің көздегені — сол елдің салтын, дәстүрін, бекіністерін, қалаларының қоныстануын анықтау болса, біздің мақсат — сол елдің табиғатын, мәдениетін, туризмге деген әлеуетін зерттеу.


Қазақстандық туризмді дамыту үшін жаңа туристік турларды жасақтау қажет. Халық қалт етсе, шетелге қыдырады, сыртқа ақша шығарып жатырмыз. Неге керісінше шетелдіктерді Қазақстанға шақырып, Әлкей Марғұланның жүрген жерінде, Қаныш Сәтбаев пен Шоқан Уәлихановтың шеккен сапарлары ізімен неге турлар ұйымдастырмасқа?!», — дейді Орденбек Мазбаев.

Георграфтың айтуынша, бұл тур 3-5 мың АҚШ доллары шамасында болуы ықтимал. Бірақ 4 мемлекетті аралау мүмкіндігі мен 6 мың шақырым жолды жүріп өту үшін бұл соншалықты көп те емес.