Шымкенттегі жол апатынан оған кінәлі көлік жүргізушісі ғана аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттегі жол апатынан оған кінәлі көлік жүргізушісі ғана аман қалды

Шымкенттегі жол апатынан оған кінәлі көлік жүргізушісі ғана аман қалды

22 шілдеде  Шымкент қаласының Мартөбе кентінде жол  апаты болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарланды ОҚО ІІД сайтында. 

  • 23 Шiлде 2014
  • 390
Фото - Caravan.kz

«25 жастағы Ақсукент ауылының тұрғыны «Мерседес-Бенц-300Е» көлігімен қарсы жолаққа шығып кетіп  «Ауди-80» автомобилімен соқтығысқан. Алған жарақаттардан «Ауди-80» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі,  1960 және 1983 жылдары туылған екі әйел мен 33 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқандардың барлығы облыс орталығының тұрғындары», — деп хабарлады ОҚО ІІД.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жол апатына кінәлі азамат қамауға алынды.