Семейде өз атына миллиондап ақша аударған басшы 5 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде өз атына миллиондап ақша аударған басшы 5 жылға сотталды

Семейде өз атына миллиондап ақша аударған басшы 5 жылға сотталды

Семейде  жылу беретін мекеменің басшысы сотталды. 2 жарым млн теңгені қолды қылып, жұмысшыларға себепсіз сыйақы тағайындаған 56 жастағы Исламбек Қарахан енді біраз жылын абақтыда өткізеді.

  • 24 Шiлде 2014
  • 200
Фото - Caravan.kz

-Қарахан Исламбек 5 жылға сотталсын. Дүниесі әркіленсін

«Жылукоммунэнерго» мекемесін басқарған азамат жалақысы ретінде өз атына 2 жарым миллион теңге аударған. Сондай-ақ қоластындағыларға  600 мың теңге сыйақы тағы таратыпты. Мұны заңсыз деп тапқан сот пайдақұмар бастықты жалпы тәртіптегі колонияға қамады. Банкрот атануға шақ қалған мекеменің қызметкерлері айлап жалақы алмадық деп шу көтерген еді. Дәл осы басшы тамыр-таныстарын қызметке алып, стратегиялық нысанды одан сайын құлдыратты деп айыптаған. Дау сотқа дейін жетіп, бүгін оның соңғы нүктесі қойылды. Алайда абақтыға қамалған төрағаның туыстары үкіммен келіспей отыр.


Айман Бейсебекова, Исламбек Қараханның әйелі:

-Ол елінің, қаласының патриоты. Өзіне тиесілі жалақыны алды, көмір мен жанармайды ұрлағандарды ұстаған қызметкерлеріне сыйақы берді. Сол үшін істі болып отыр. Бұл қайда жазылған заң? Жоғары сотқа шағымданамыз!