Астана тұрғыны пәтеріне 50 компанияны тіркеп рекорд орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана тұрғыны пәтеріне 50  компанияны тіркеп рекорд орнатты

Астана тұрғыны пәтеріне 50 компанияны тіркеп рекорд орнатты

Астана тұрғыны үйіне адам емес, 50 бірдей компанияны тіркеп рекорд орнатты! Елорданың ірілі-ұсақты кәсіпорындары заңды мекен-жайы ретінде сол бір бөлмелі пәтерді көрсеткенде, салық департаментінің қызметкерлері таң қалған.

  • 24 Шiлде 2014
  • 269
Фото - Caravan.kz


Көңілі кең пәтер қожайынын күннен-күнге ұлғайып бара жатқан  көршілердің саны мүлдем алаңдатпапты. Себебі мұны табыс көзіне айналдырып әр тіркеу үшін қомақты ақша алып отырған. Ал бір бөлмелі пәтерге, бір мекен-жайға жайғасқан 50 компания болса осындай қулығы арқылы салықтан жалтармақшы болған. Бір жағынан бұл заңсыз емес. Енді шенеуніктер жеке серіктестікті тұрғын үйлердің мекен-жайына тіркеп салықтан қашатын кәсіпкерлерді тығырыққа тіремек. Сөйтіп салық департаменті, тобымен баспанаға жайғасып алған компанияларға коммуналдық ақыны қымбаттату жөнінде монополистерге ұсыныс айтпақшы. Ал пысықай бизнесмендерді тіркеген пәтер иелері жауапқа тартылады. 3 жыл бұрын да осыған ұқсас жағдай болған. Онда Астана тұрғыны пәтеріне компания емес, 1700 адамды тіркеп рекорд жаңартқан еді.