Украинада ұшақ апатынан қаза тапқандардың денесі Голландияға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинада ұшақ апатынан  қаза тапқандардың денесі Голландияға жеткізілді

Украинада ұшақ апатынан қаза тапқандардың денесі Голландияға жеткізілді

Тағы 16 марқұмның шашылып қалған денелері түгенделуде. Адам танымастай бүлінген мәйіттерді Интерпол мамандары сараптамадан өткізбек. «Қара жәшіктің» өзі Ұлыбританияда зерттелетін болады. Ал ұшақ құлаған ауданда қазір жағдай қайта ушықты. Мұнда сепаратистер мен Украина әскері кескілескен ұрыс жүргізіп жатыр. Мәліметтерге қарағанда, әскерилердің бір бөлігі бүлікшілердің қоршауында қалған.Алдыңғы шепке оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізетін күрежолды сепаратистер қиып тастапты. Ой мен қырды аралап жүргенімен қарулары түп-түгел бұлардың. Қазіргі сәтке дейін 20-ға жуық сарбаз ажал құшқан деген ақпарат бар. Жаралылар тіптен көп. Сорақысы сол оқ жауған майдан шебіне дәрігерлер өте алмай жатыр. Ал бассыздықтардың барлығы Ресейдің серпаратистерді қолдауының нәтижесі деген ЕуроОдақ шілденің соңына дейін 28 елдің басшыларын жинап саммит өткізбек. Ол жерде Ресейге қарсы үш кезеңді санкциялар қолдану мәселесі дауысқа салынады деп күтілуде. Және Ресей президенті Владимир Путинмен жақын араласатын шенеуніктер мен олигархтар да енді ЕуроОдақ елдеріне мүлдем кіргізілмеуі мүмкін.

Фото - Caravan.kz