Күйеуі мен 2 баласын Түркияда қалдырып, өзі Израильге саяхаттап кеткен Диананың оқ пен оттың ортасындағы аймақта не істеп жүргені белгісіз. Өйткені, бұған дейін Үкімет Таяу Шығысқа қазақстандықтардың уақытша бармауларын өтініп мәлімет таратқан еді. Алайда ол ескертуге барлығы құлақ аспаған сыңайлы. Тек жағдай ушығып, Израиль әуежайлары жабылғанан кейін 10-15 отандасымыз амалсыздан Сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған.
Нұржан Айтмаханов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:
-Қазақстанның Израильдегі елшісінен келіп түскен ақпарат бойынша, азаматша бүгін жергілікті Тель-Авив уақыты бойынша 21. 00-де Түркияға кері ұшатын болады. Қолда бар ақпарат бойынша, шамамен 10-15 адамнан құралған қазақстандық туристер олар да қайта алмай отыр. Олардың қанша адам екенін тағы анықтап жатырмыз. Олар да Түркияға оралуды жоспарлап отыр.