Қарағандыда көше атауларын ауыстыру жанжалмен аяқталып соңы төбелеске ұласа жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда көше атауларын ауыстыру жанжалмен аяқталып соңы төбелеске ұласа жаздады

Қарағандыда көше атауларын ауыстыру жанжалмен аяқталып соңы төбелеске ұласа жаздады

Қарағандыда көшеге ат беру және атауларын ауыстыруға қатысты дау туып жатыр. Қалада осы мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар басталған еді. Онда шаһар іргесінде орналасқан жаңа ықшамаудандағы 12 көшеге ат беру туралы ұсыныс жасалған. Алайда осы қоғамдық тыңдауға келгендер арасында жанжал шықты. Ұйымдастырушылар тіпті қала көшелерінің ескі атауларын өзгертуге аттандап қарсы шыққан коммунистерді сабасына түсіру үшін полиция да шақырған. Ал енді біреулері шеткі көшелерді місе тұтпай отыр.

  • 25 Шiлде 2014
  • 444
Фото - Caravan.kz

Қарағандыда көше аттары өзгереді деген әңгіме шыққалы бері өздерін коммунистпіз деп жүргендерден ұйқы қашқан. Ленин көшесіне хан мен бидің немесе көсем мен шешеннің аты беріліп кете ме деп. Бірақ бұл жолы жаңа бой көтерген «Күнгей» ықшамауданындағы атауы жоқ көшелерге қатысты мәселе қаралған еді. Келмеске кеткен Кеңес заманын аңсап жүргендер жаңа ауданға да жаңа есімдер беруге үзілді-кесілді қарсы шықты.  

-Буржуазные  антисоветчики заткнули мне рот, я не высказался.

-Ты уйдешь отсюда или нет? Сколько людей ты будешь мучать а уйди отсюда

«Күнгейдегі» 12 көшеге жұрттан түскен арыздар бойынша елдің елеулі деген азаматтарының аттарын беру туралы ұсыныс дауысқа салынды. Нәтижесінде 10 көшеге ұсынылған есімдер бірауыздан мақұлданды. Ішінде Қарағанды өңірінде туып өсіп, Шешенстан президенті болған Ахмат Қадыровтың есімі бар. Ал Шортанбай жырауға көше сұрағандар жаңа ықшамауданды місе тұтпады.

Кәміл Жүнісов, жазушы:

-Шортанбай жырау Жамбылда емес, Қарағанды облысы Шет ауданы Жалпақсаз деген жерде туған. Шортанбай жыраудың жәй адам емес, ол өткен ғасырдың өзінде үлкен зерттеулерде болған адам. Біз Шортанбай жыраудың архивтен бүкіл отбасымен  түскен фотосуретін таптық. 19-шы ғасырда кез келген адамды фотосуретке түсірмеген.

Орталықтан алыс орналасқан көшеден соғыс ардагері Мұташ Сүлейменовтың туысқандары да бас тартты. 


Жұбан Сүлейменова М.Сүлейменовтың қызы:  

-184 Мартбек Мамыраев сияқты батырларды қаланың жетім бұрышындағы қалтарыстарға атын береді де. Шәкіров сияқты партократтар қаланың қақ ортасынан орын алады екен. Бұл не деген әділетсіздік! Сондықтан мен әкемнің атына басқа жерден көше беруін талап етемін.

-Атауларды өзгертуге жарияланған мораторий мерзімі аяқтала сала, қала көшелеріне белгілі бір тұлғаның есімін сұраған өтініштер қарша бораған. Қалалық комиссия қазір 72 өтінішті қарап жатыр. Қоғамдық тыңдаулар атсыз көшелерді атаудан басталғанымен, ескі көшелердің атын өзгерту сияқты даулы мәселе де алдан шығары анық. Өйткені ескіні аңсаушылар бекер өңеш жыртқан жоқ. Сондықтан даулы мәселеге қатысты оң шешім қабылдау үшін комиссиядағылардың әлі де талай кеңесетін түрі бар.