Ақтөбе облысында қаптаған қара шегіртке жайылымды жайпап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында қаптаған  қара шегіртке жайылымды жайпап жатыр

Ақтөбе облысында қаптаған қара шегіртке жайылымды жайпап жатыр

Ақтөбе облысында қара шерітке қаптады. Азияда ғана кездесетін бұл зиянкес Ойыл ауданындағы жайылымның жартысын жайпап кеткен.

  • 25 Шiлде 2014
  • 296
Фото - Caravan.kz


Көптоғай ауылының тұрғындары бірер күн бұрын қара бұлтша қаптаған үйірлі шегірткенің ұшып келгенін айтады. Бұрын-соңды Ойылда кездеспеген зиянкестің бұл түрі Батыс Қазақстан облысының аумағынан көшкен. Алғашында жергілікті халық түтін қойып қумақ болған екен. Кейін облыс орталығынан мамандар келіп, қырық мың гектар аумақты улады. Енді олар шегіртке қонған жайылымды тағы бір мәрте тексеріп көрмек. Себебі жұмыртқалап үлгерсе, келер жылы дернәсіл маусымында тағы улауға тура келеді.