Ақтөбеге оқуға түсуге келген қыз-жігіттер тентіреп далада жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеге оқуға түсуге келген қыз-жігіттер  тентіреп далада жүр

Ақтөбеге оқуға түсуге келген қыз-жігіттер тентіреп далада жүр

Ақтөбеде талапкерлер екі күннен бері грантқа құжат тапсыра алмай жүр. Техникалық ақау болғандықтан, қабылдау комиссиясының өзі де қашан іске кірісетіндерін білмейді.

  • 25 Шiлде 2014
  • 332
Фото - Caravan.kz

Бұл өңірде грантқа құжатты екі жоғары оқу орнының ғимаратында қабылдайды.Осы маңға жиналған талапкерлер мен олардың ата-аналары кіріп-шыққан комиссия мүшелерінің ауызын аңдып отыр. Олар да нақты уақытын айта алмауда. Себебі, грантқа қатысты құжаттардың жартысы ғана Астанадан түскен. Толық тізім келмейінше іске кірісе алмаймыз дейді комиссия мүшелері. Бұл жағдай шалғай ауылдар мен өзге аймақтардан қатынайтындарға қиын болып тұр.


Бәкен Есенжолов,ата-ана:

-Өзім Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл қыстағынан келдім. Таңғы сегізде пойыздан түсіп, осы арада жүрмін. Адам қанша адам жиналып тұр. Не істейміз енді?