Израильде атыс-шабыстың ортасында қалған ондаған турист елге әлі оралған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израильде атыс-шабыстың ортасында қалған ондаған турист елге әлі оралған жоқ

Израильде атыс-шабыстың ортасында қалған ондаған турист елге әлі оралған жоқ

Ал Израильде демаламыз деп атыс-шабыстың ортасында қалған жерлестеріміз қауіпсіз жерге жеткізілді. Барлығы дін аман. Ұшақ күтіп, Израильдегі отельдерде жатыр.

  • 25 Шiлде 2014
  • 476
Фото - Caravan.kz


Туристерді Түркияда демалып жатқан жерінен Таяу Шығысқа туристік компания апарыпты. Бір күндік арзан саяхатқа қызыққан олар күні бойы Израильді армансыз аралап Палестинада тамақтанған. Кенет атыс басталып, жерлестеріміз оқ пен оттың ортасында қалып қойыпты. Қазақстанның Израильдегі өкілі тентіреген 13 туристі қауіпті аймақтан алып шықты. Арасында Диана Назарова да бар. Бір топ туристің Палестинадан шыға алмай жатқанын әлеуметтік желіге жазған сол еді. Олар бүгін түнде Түркияға, одан соң елге қайтарылмақ.