Қазақстан Израиль мен Палестинаны қантөгісті тоқтатуға шақырады - СІМ мәлімдемесі - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Израиль мен Палестинаны қантөгісті тоқтатуға шақырады - СІМ мәлімдемесі

Қазақстан Израиль мен Палестинаны қантөгісті тоқтатуға шақырады - СІМ мәлімдемесі

Газа секторындағы  тұрғындар арасында адам шығынына әкелген жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан алаңдаушылығын білдіруде. Бұл туралы ҚР СІМ мәлімдемесінде айтылған.

  • 25 Шiлде 2014
  • 496
Фото - Caravan.kz

Зорлықтың ары қарай күшеюі шиеленіске қатысушы қос тарап пен әлемдік қауымдастықтың аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуға ұмтылған талпыныстарын үзіп, Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа алып келеді.

"Израиль мен Палестинаны бейбіт келісім жүргізіп, қантөгісті тоқтатуға бағытталған шараларды қолға алуына шақырамыз.  

Қазақстан әлемдік қауымдастықтың бастамалары мен келісілген қадамдарына қолдау білдіреді. Оның ішінде БҰҰ шеңберінде көп жылдық шиеленісті реттеп, қос жақты да қанағаттандыратын талаптар қарастырылған ұсыныстар да бар", делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде. .