Мәскеуде әлемдегі ең үлкен сағат орнатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде әлемдегі ең үлкен сағат орнатылады

Мәскеуде әлемдегі ең үлкен сағат орнатылады

Мәскеуде Лубянка алаңындағы орталық балалар дүкенінің алдына ең үлкен сағат орнату жоспарлануда, деп хабарлады moya-planeta.ru.

  • 25 Шiлде 2014
  • 569
Фото - Caravan.kz


Ол әлемдегі ең үлкен сағат болмақ және Биг-Бен, Кремльдік куранттар, Прага мұнарасындағы және Гуаньчжоудағы сағаттар тәрізді танымал әлемдік механикалық сағаттар бестігіне кіреді деп ұйғарылып отыр.

Сағатты «Ракета» сағат зауыты жасауда. Алюминийден, болаттан және жезден жасалған сағат механизмінің салмағы — 5 тонна. Балалар дүкеніне сағат 2014 жылдың желтоқсанының басында орнатылады деп жоспарланып отыр. Сағат механизмінің көлемі 6х7 м, ол 21 тегершіктен, диаметрі 3 м, ұзындығы 13 метр маятниктен тұрады. Бүгінде мұндай көлемді тегершігі бар жұмыс сағаттары жоқ.