Алматының атын шығарған әйгілі апорттар тағы оталып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының атын шығарған әйгілі апорттар тағы оталып жатыр

Алматының атын шығарған әйгілі апорттар тағы оталып жатыр

Бұл жолы да Алатау бөктеріндегі жеміс ағаштарына балта шапқызған зәулім үйлердің құрылысы. Әйтеуір жолын тауып алмалы бақ аумағынан жер телімін алғандар енді үй салу үшін жасыл желекті жаппай шаба бастаған. Кезінде «Алатау» атты сохвозға тиесілі болған 30 мың гектар жердің қазір тең жартысы ғана қалыпты. Небәрі екі айдын ішінде өзі аз ағаштың тағы 150 түбі жұлынып тасталған. Оның үстіне осы бақ үшін сотқа дейін жеткен тартыс та бітпей тұр. 

  • 26 Шiлде 2014
  • 504
Фото - Caravan.kz

Бұл – бүгінде жалғыз алмалы бақ атанған Алматының апортты алқабы. Уақытында «Алатау» деген ірі совхоздың меншігі болған. Бірақ енді ауқаттылардың жеке жер теліміне айналған. Келер жылы мұнда алып ғимарат тұрғызылмақшы екен. Сол үшін апорт ағаштары жаппай оталуда.    

Атта Гулиев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бұлар көбіне түнде жұмыстарын істейді. Басында мына жерді қоршаған еді, енді ауқымын кеңейтіп барады. Алма ағаштарынан да түк қалған жоқ.

Тұрғындардың есебі бойынша, екі айдың ішінде 150 түп алма кесіліпті. Муфтала Құрбанов «Алатау» совхозында кезінде еңбек еткен жанның бірі. Айтуынша, бақтың көшетін отырғызуға кезінде ол да ат салысқан екен. Бірақ енді жарты ғасыр уақыт өткенде апорт ағаштары көз алдында отынған айналып жатыр.

Муфтала Құрбанов, Алматы қаласының тұрғыны:  

Міне, құйып жатқан іргетастары. 4-те 5-ке жуық. Қайдан келіп жатқан ақша? Мына жерде менің де үлесім бар. Заңды түрде алған. Бірақ мен құрылыс жүргізсем, әлдеқашан сотталып кетер едім. Бұларға кім береді рұқсатты?

Жерлерінде құрылысты кімнің салып жатқанын жұрт хабарсыз. Білмекке оқталғанымен, бірде-бір жауапты орын кәсіпкердің есімін атамаған. Тек әйел адам екенін естіркені болмаса. Бірақ жерді қолдарына қайтарса, бұл кісілер де алма бақты орынан үй тұрғызбақ ниетте көрінеді. Онысын ешқаЙсысы да жасырған жоқ.


— Вам землю дадут, вы что здесь будете делать?

— Дом строить, детям давать!

— Дело все в том, не что здесь будут строить. А дело в том, что это законное право тех, кто проработал в совхозе

Ал алма бақты отап жатқан кәсіпкердің кім екенін бізде біле алмадық. Бірақ жер үшін талас әлі ушыға түсетін тәрізді. Пайшылар бизес-вуменді сотқа бермекке ниетте. Онда да апорттың емес, жеке бастарының қамын ойлап отыр. Сондықтан әзірге жердің қызығын тек мына жануар ғана көре тұрмақ.