Апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары болмаған - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Апатқа ұшыраған  ұшақта Қазақстан азаматтары болмаған

Апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары болмаған

Радарлардан жоғалып кеткен алжирлік әуе кемесінің қалдықтары бүгін Малидің шығысынан табылды. Бортта болған 116 адамның тірі қалғаны жоқ.

  • 26 Шiлде 2014
  • 363
Фото - Caravan.kz

Буркина-Фасодан Алжирге бет алған MD-80 ұшағы көкке көтерілісімен арада 50 минут өткенде диспетчерлердің радарынан ғайып болған. Алғашында әуе кемесі апат жағдайында қонуы мүмкін деген жорамалдар айтылған, алайда таң атысымен Малидің солтүстігінде ұшақ қалдықтары мен марқұмдардың шашылып қалған денелері табылды. Малидің Буркина-Фасомен шектесетін аймағынан табылған әуе кемесіне шабуыл жасалуы мүмкін дегенді де айтады сарапшылар. Өйткені бұл өлкеде лаңкестік топтар тым тығыз шоғырланған. Қазір апат орнынан бір ғана қара жәшік табылды. Соңғы мәлімет бойынша ұшақ бортында 16 елдің азаматтары болған.


Нұржан Айтмаханов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

-Эйр Алжир әуе компаниясының Мәскеудегі өкілдерінің мәліметіне сәйкес осы жылдың 24 шілдесінде апатқа ұшыраған әуе компаниясының бортында Қазақстан азаматтары  болмаған.