Меккеге жаяу шыққан азаматтың ақшасы таусылып Атыраудан шыға алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меккеге жаяу шыққан азаматтың ақшасы таусылып Атыраудан шыға алмай отыр

Меккеге жаяу шыққан азаматтың ақшасы таусылып Атыраудан шыға алмай отыр

Астанадан Меккеге жаяу шыққан жігіт ағасының жолда түнейтін түрі бар. Дулат Иманқажы 25 шілде күні Атырауға жеткен еді. Сол күні сапарын ары қарай жалғастыруы тиіс болғанымен, 3 күннен бері ақшасы бітіп, қаладан шыға алмай жатыр.

  • 29 Шiлде 2014
  • 320
Фото - Caravan.kz

15 қыркүйекте Сауд Арабиясында болуды жоспарлаған 47 жастағы Дулат Иманқажы енді кері қайтып кетуі де мүмкін. Өйткені Меккеге дейін жетуге қаржылай көмек көрсетеміз деген азаматтар үнсіз. Жиханкез осы бастамаға ұйытқы болған Елордадағы «Нұр Астана» мешітінің басшыларымен де сөйлесіпті. Көмектесуге уәде бергенімен, әлі күнге дейін олардан хабар ала алмай отыр екен.


Дулат Иманқажы:

-Енді ештеңе болмай жатса, қайтам енді, не істеймін? Өйткені, ертеңгі күні мен анау жолда, Иранда болмаса, Әзірбайжан жерінде қалып қойсам, танымайтын жерде, елден ұят енді. Онда кімнен көмек сұраймын?