«SCAT» әуе компаниясының ұшағы күндізгі екіде көкке көтерілуі керек болса, енді ол кешкі тоғызда жөнелтілетін болыпты. Әуежай мамандары басқа рейстерде өзгеріс жоқ деп сендіргенімен, қатты соққан желдің екіпіні басылмай тұр. «Қазгидромед» орталығы да Жамбыл облысында жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жететін күшті жел тұрады хабарлаған. Әзірше аймақта табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер жоқ. Дегенмен екі жыл бұрынғы Жаңатас пен Қаратаудағы табиғи апаттан шошынып қалған атқарушы билік, ат үстінен түспей отыр.