Астана қаласының бас мемлекеттік еңбек инспекторы сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қаласының бас мемлекеттік еңбек инспекторы сотталды

Астана қаласының бас мемлекеттік еңбек инспекторы сотталды

Астана қаласының бас мемлекеттік еңбек инспекторы сотталды, деп хабарлады ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен.

  • 29 Шiлде 2014
  • 605
Фото - Caravan.kz


«2014 жылғы қаңтарда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру барысында «Хайвилл» компаниясының нысанында болған жазатайым оқиғаға байланысты тексерудің қорытындысы бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін кәсіпорындардың бірінің өкілінен 150 мың теңге көлемінде пара алғаннан кейін Астана қаласы бойынша еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары — Астана қаласы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Медетбековты қамауға алған болатын. 2014 жылғы 24 шілдеде Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Медетбековты пара алуға кінәлі деп тауып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыруға соттады», — делінген хабарламада.