Жапонияда аптап ыстық 15 адамның өмірін қиды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапонияда аптап ыстық 15 адамның өмірін қиды

Жапонияда аптап ыстық 15 адамның өмірін қиды

21 шілдеден бері Жапонияда аптап ыстықтан кемінде 15 адам қаза тапты. Ал 8580 адамның басынан күн өтіп, ауруханаға жеткізілді.

  • 29 Шiлде 2014
  • 394
Фото - Caravan.kz

Шетелдік БАҚ-тың Жапонияның Өрт қызметі басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, бұған дейінгі аптамен салыстырғанда ауруханаға жатқызылған адамдардың саны 2,6 есеге артып отыр.

Ауруханаға түскен адамдардың басым бөлігі — жапон астанасының тұрғындары. Күн өтіп, дәрігердің қарауына түскен Токио тұрғындарының саны — 620 адам.

Айта кетерлігі, Жапонияның басым аудандарындағы ауа температурасы 30 градустан асып жығылады. Сондықтан да тұрғындарға көшеге бас киімсіз шықпауға кеңес берілуде.