Жалақысының аздығына шағымданған министр жұмысынан кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалақысының аздығына шағымданған министр жұмысынан кетті

Жалақысының аздығына шағымданған министр жұмысынан кетті

Британияда Африка істері бойынша министр Марк Симмондс жалақысының аз болуына байланысты жұмыстан кетті.

  • 13 Тамыз 2014
  • 378
Фото - Caravan.kz

Оның бір жылдық табысы 120 мың фунтты (200 мың доллар) құрайды.  

Шетелдік басылымның жазуынша, Симмондстың бір жылдық жалақысы 84 435 фунт (150 мың доллар) болған. Сондай-ақ мемлекет  оның жалға алған пәтеріне жыл сайын 27 875 фунт (47 мың доллар)   төлеп отырған.

Шенеуніктің айтуынша, ол Лондонда қонақүйде тұруға мәжбүр, ал отбасына қаладан 100 шақырым қашықтықта үй жалдаған. Ал барлығы бірге бөлінген қаражатқа астанада тұру, оның ойынша, мүмкін емес.

Ұлыбританияның Премьер-министрі Дэвид Кэмерон Симмондстың отставкасына қол қойды.