Қарағанды облысында жол апатынан қайтыс болған жапон азаматының өліміне кінәлілер анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жол апатынан қайтыс болған жапон азаматының өліміне кінәлілер анықталды

Қарағанды облысында жол апатынан қайтыс болған жапон азаматының өліміне кінәлілер анықталды

Қарағанды облысында екі трактористке адам өмірін қиған жол апатына кінәлі деген айып тағылды.

  • 13 Тамыз 2014
  • 402
Фото - Caravan.kz

     Сот мәліметіне сәйкес, 2013 жылы 26 қазанда Қарағанды – Жезқазған жолында Тойота көлігі алда келе жатқан тракторларға соқтығысқан. Жол апаты салдарынан үш адам қайтыс болды, оның екеуі жапон азаматтары. Тағы екі азамат түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, оның біреуі жапон азаматы.

Тергеу анықтағандай, бір трактор екіншісін апаттық белгіні қоспастан сүйреп келе жатқан. Трактористерге айып тағылып, іс сотқа берілді.