Қытайдың он бес азаматы Алматы облысында құлдықтан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдың он бес азаматы Алматы облысында құлдықтан босатылды

Қытайдың он бес азаматы Алматы облысында құлдықтан босатылды

Алматы облысы Қарасай ауданында 15 қытай азаматы құлдықтан босатылды.

  • 13 Тамыз 2014
  • 390
Фото - Caravan.kz

      Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Таяуда полицияға Қытай азаматы жүгініп, ол өзінің он төрт жерлесімен бірге кірпіш зауытына күштеп жұмысқа жегілгенін мәлімдеген.

Оқиға орнына келген полицейлер кірпіш шығаратын зауыттан қалған жұмысшыларды алып шықты.

Жұмысшылардың бірінен полиция дене жарақатын анықтаған.


Осы фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кірпіш зауытының директоры мен үш көмекшісінен жауап алынуда.