Бұл туралы ведомство таратқан хабарламада мәлімделген.
Білім және ғылым министрлігіне де осындай елдерден келіп Қазақстанда оқитын студенттер тізімін жасау туралы ұсыныс жасалды.
Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдегендей, халықаралық әуежайларда Эбола безгегі орын алған елдерден келетін тұлғаларды мұқият санитарлық-карантиндік бақылау жалғасуда.
Жыл басынан бері осы уақытқа дейін мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде 978 мың адам тексерілді, олардан індет белгілері анықталмады.
Қазір барлық облыстар мен аудандарда Эбола індеті мен өзге инфекцияның енуі бола қалған жағдайға арнап жаттығу жүргізілуде.
1068 емдеу-оңалту мекемесінде аса қауіпті індет, оның ішінде Эбола безгегі мен коронавирус анықтала қалған жағдайда алғашқы індетке қарсы және оңалту шараларын өткізуге дайындығы тексерілді.
Айта кету керек, Нигерияда Батыс Африка елдерінің Экономикалық қауымдастық өкілі Джатто Асиху Абдулкудир Эбола безгегінен қайтыс болған үшінші адам болып отыр.
Бұл туралы Би-би-си мәлімдеді.
Қауымдастық мәлімдемесінде атап көрсетілгендей, ол жақында Нигерияның Лагос қаласына келгеннен кейін індеттен қайтыс болған Патрик Сойермен қатынаста болған.
Лагоста Эбола індетіне шалдығуға қатысты барлығы он жағдай тіркелді.
Мадрид ауруханасында испандық дін қызметшісі Мигель Пахарес безгектен қайтыс болғаны кеше мәлім болды.
Ол Мадридке Либериядан бес күн бұрын жеткізілген.