БҚО-да 25 бас мал жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да 25 бас мал жанып кетті

БҚО-да 25 бас мал жанып кетті

Ақжайық ауданындағы Құрайлысай ауылдық округінің орталығы Жұбанда 9 тамыз күні, сағат 04.30 шамасында көршілес қатар тұрған 3 тұрғын үйдің шаруашылық құрылыстарында өрт оқиғасы орын алды.

  • 13 Тамыз 2014
  • 432
Фото - Caravan.kz

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, «тілсіз жаудың» кесірінен малдың қыстық азығын айтпағанда, бір тұрғыннан 5 ірі қара, тағы бірінен 20 бас қой жанып кетті. Сөйтіп қос бірдей тұрғын малсыз әрі пішенсіз қалды. Отпен алысу кезінде 1977 жылғы Бекболат Жапаров термиялық күйік алып, қазір аудан орталығында ем алуда.

Өрттің ұйғарылып отырған себебі — қасақана өртеу. Тиісті тексеріс амалдары жүргізілуде.