Қалалықтар ауыл мектептерінде сабақ беріп, ауыл жастарының дүниетанымын кеңейтуге атсалысады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалалықтар ауыл мектептерінде сабақ беріп, ауыл жастарының дүниетанымын кеңейтуге атсалысады

Қалалықтар ауыл мектептерінде сабақ беріп, ауыл жастарының дүниетанымын кеңейтуге атсалысады

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып,

  • 13 Тамыз 2014
  • 512
Фото - Caravan.kz

     15 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында «Зияткер ұрпақ» жобасын жүзеге асыратын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында мәлім болды.

«Зияткер ұрпақ» жобасы аясында негізінен қалалық білімділер, ағартушы мұғалімдер, түрлі саланың көшбасшылары өз қалауларымен ауылдағы мектептерге барып, онда 9-11 сынып оқушыларына қысқа мерзімді курс сабақтарын өтпек.

«Курстың ұзақтығын, тақырыбын оған қатысатын оған баратын мұғалімдер өздері таңдайды. Курс бірнеше сағатқа, аптаға немесе одан да ұзақ мерзімге созылуы мүмкін. Курс мектептің математика, физика, ағылшын тілі пәндерін, сондай-ақ еркін тақырыптарды қамти алады. Соның ішінде лидерлік жолы, логиканы дамыту, ІТ-технология салаларын қамту да жоспарда бар», — дейді жоба жетекшісі, Назарбаев университеті Жер ғылымдары орталығының директоры Асқар Мұнара.

Оның айтуынша, қалалық мұғалімдер мен жалпы жобаға қатысушылар ауылдарды, елді-мекендерді өздері таңдайтын болады. «Бүгінгі күні еліміздің танымал саясаткерлері, блогерлері, бизнесмендер мен әртістер де осы жобаға қатысуға ниет білдіріп жатыр. Халық ағартушыларынан құралатын топ құрамындағылар ауылдағы жас ұрпақтың дүниетаным өрісін кеңейтуге, болашағын айқындауға өз үлесін қосатын болады », — дейді Асқар Мұнара.   

Ал «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесі төрағасы Данат Жұминнің сөзіне қарағанда, жоба негізінен ауыл мектептерінің білім сапасын арттыруға бағытталады. «Бүгінгі күні қала мектебі мен ауыл мектебінің білім сапасындағы айырмашылық бірден байқалады. Өңірлерге барғанда дәл осы мәселені жұртшылық көп көтерді. Білікті мұғалімдер ауылда жетіспейді. Ал бұл міндетті тек мемлекеттің  мойнына артып қою жарамайды. Мәселен, кейбір ауылдарда қарапайым ағылшын тілі пәнінің мұғалімі жетіспейді, ал біздің ерікті-мұғалімдер оқушыларға курс аясында ағылшын тілін меңгерудің ең тиімді тәсілдерімен бөлісетін болады. Сол секілді курс аясында ауыл оқушыларына қажетті бағытта белгілі бір құштарлықты оятуға тырысамыз», — дейді ол.