Алматыда есірткімен ұсталған жігіттің қулығы тәртіп сақшыларын иландыра алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда есірткімен ұсталған жігіттің қулығы тәртіп сақшыларын иландыра алмады

Алматыда есірткімен ұсталған жігіттің қулығы тәртіп сақшыларын иландыра алмады

Алматы өңірінде ірі көлемде есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топ жақын күндері жауапқа тартылады. Есірткі бизнесіне дағдыланған олар героинді тіпті Ауғанстаннан Ресейге жеткізіп отырған.

  • 14 Тамыз 2014
  • 242
Фото - Caravan.kz


— Танысым жеке заттарына бас көз бола тұруды өтінген.

— Нақтырақ

— Мынадай қорапшада. Оның есірткі екенін кейін білдім.

«Есірткіні әлдебіреу маған басқа зат ретінде сақтауға қалдырды» деп ақталған жігіттің үйінен 230 келіге жуық героин былтыр тамыз айында тәркіленген еді. Артынан белгілі болғанындай, оған есірткіні расымен де досы сақтауға қалдырған екен. Құзырлы орындар әзірге бұл жөнінде толық ақпарат беруден бас тартып отыр. Ал бізге белгілісі, есірткі тасымалдаушылардың бұл «кәсіпке» дағдыланғаны сонша, героинді сонау Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, сондай-ақ, Қазақстан арқылы Ресейге жеткізіп отырған. Бір жылға жуық тергелген қылмыстық іс бүгін сотқа жетті.