Бразилия: әуе апатынан президенттікке үміткер қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бразилия: әуе апатынан президенттікке үміткер қаза тапты

Бразилия: әуе апатынан президенттікке үміткер қаза тапты

Бразилияның Сантус қаласының маңында шағын ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан ел президенттігіне үміткер Эдуарду Кампуш қаза тапты, деп жазады Би би си.

  • 14 Тамыз 2014
  • 313
Фото - Caravan.kz

Кампуш Рио-де-Жанейродан өзінің жеке ұшағымен Гуаружа қаласына бет алған. Ол онда сайлауалды шараларға қатысуы тиіс болыпты.

Ұшақ Сантус қаласының тұрғын үйлерінің үстіне құлаған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша бірнеше тұрғын жарақат алып, ауруханаға жеткізіліпті. Әзірше құлаған ұшақтың бортында қанша адам болғаны нақты белгісіз.

Эдуарду Кампуш, Пернамбуко штатының бұрынғы губернаторы, Бразилияның Социалистік партиясының атынан сайлауға түспек болған. Кейбір деректер бойынша, ұшақ қолайсыз ауа райының кесірінен діттеген жерге қона алмаған көрінеді.