Америкалық әскерилердің ұшағы Ирак жеріне келіп қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкалық әскерилердің ұшағы Ирак жеріне келіп қонды

Америкалық әскерилердің ұшағы Ирак жеріне келіп қонды

Америкалық әскерилер тобы Ирактың солтүстігіндегі Синджар тауына келіп түсті, деп жазады Би би си.

  • 14 Тамыз 2014
  • 291
Фото - Caravan.kz

Олар жихадшылардың тепкінінен қорқып, тауға қашқан босқын күрдтерге көмек көрсетпек.

Бұған дейін Пентагон басшысы Чак Хейгел АҚШ Ирактың солтүстігіне 130 әскери қызметкерін жібергенін, олар онда қажетті гуманитарлық көмектің мөлшерін анықтайтынын айтқан болатын.

Айта кетейік, Вашингтон Ирак билігіне «Ислам мемлекеті» деп аталатын жихадшылар тобымен күресуге көмектесетінін жариялаған.