Бірқатар министрліктердің вице-министрлері тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірқатар министрліктердің вице-министрлері тағайындалды

Бірқатар министрліктердің вице-министрлері тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулыларымен бірқатар министрліктердің вице-министрлері тағайындалды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

  • 14 Тамыз 2014
  • 1048
Фото - Caravan.kz

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып Марат Құсайынов, вице-министрлері қызметіне Мәдина Әбілқасымова, Тимур Жақсылықов, Қайырбек Өскенбаев тағайындалды.

Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі қызметіне Жеңіс Қасымбек, вице-министрлері болып Асқар Жұмағалиев, Альберт Рау және Ерлан Сағадиев тағайындалды.

Энергетика бірінші вице-министрі қызметіне Ұзақбай Қарабалин, вице-министрлері болып Талғат Ахсамбиев, Бақытжан Жақсалиев, Мағзом Мырзағалиев тағайындалды.

Қаржы вице-министрі қызметіне Лена Кармазина тағайындалды.


Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметіне Салидат Қайырбекова, вице-министрлері болып Светлана Жақыпова, Дәулет Арғындықов, Серікбол Мусинов тағайындалды.

Мәдениет және спорт вице-министрлері қызметіне Марат Әзілханов, Асқар Бөрібаев және Тастанбек Есентаев тағайындалды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне Ерлан Нысанбаев тағайындалды.