Жамбыл облысында жарты миллионға жуық салымшының болуы көңілге қонымсыз - Қ.Жабағиев - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында жарты миллионға жуық салымшының болуы көңілге қонымсыз - Қ.Жабағиев

Жамбыл облысында жарты миллионға жуық салымшының болуы көңілге қонымсыз - Қ.Жабағиев

Мәжіліс депутаттары Қожахан Жабағиев пен Надежда Нестерова Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында болып,

  • 14 Тамыз 2014
  • 562
Фото - Caravan.kz

   «Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалының тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметінен. 

Қазіргі уақытта облыста он үш қызмет көрсету орталығы жұмыс істесе, ондағы салымшылар саны 450 мыңнан асады. Ал, зейнетақы жарналары 143 миллион теңгенің үстінде. Депутат Қ.Жабағиев салымшылар санына күмән келтірді. Оның пікірінше, халқы 1 милионнан енді ғана асқан Жамбыл облысында жарты миллионға жуық салымшының болуы көңілге қонымсыз. Сондай-ақ, халық қалаулылары зейнетақы қорларының бір орталыққа біріктірілу барысын да айрықша назарға алып, көкейтесті сұрақтарды сөз етті.

Одан кейін депутаттар филиалдың қызмет көрсету орталықтары мен мұрағаттарын аралап, салымшыларды ақпараттандыру жұмыстарының әлі де сын көтермейтінін алға тарта отырып, тиісті шараларды қолға алу керектігін айтты.


Одан әрі депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығында болып, елдегі ынтымақ пен бірлік-берекені күшейтуге бағытталған маңызды құжаттардың жүзеге асырылу жайын талқылады.