Қызылжар ауданының әкімі ауысты - СҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылжар ауданының әкімі ауысты - СҚО

Қызылжар ауданының әкімі ауысты - СҚО

Солтүстік Қазақстан облысында Қызылжар ауданының әкімі ауысты. 14 тамыз күні  бұл қызметке Болат Жұмабеков тағайындалды.

  • 14 Тамыз 2014
  • 596
Фото - Caravan.kz

   Аудан активіне ауданның жаңа әкімін аймақ басшысы Ерік Сұлтанов таныстырды.

«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, менің жарлығыммен Болат Жұмабеков Қызылжар ауданының әкімі болып тағайындалды.  Болат Серікұлы 1972 жылы Көкшетау облысы, Куйбышев ауданы Куйбышев кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1997 жылы СҚО  Тимирязев аудандық әкімдіктің маманы болып бастады», — деді өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов.

Болат Жұмабеков бірқатар лауазымды қызметтерді атқарған. Осыған дейін  «JELS — ASTANA» ЖШС коммерциялық директоры болды.

Е.Сұлтанов Болат  Жұмабековке бірқатар тапсырма жүктеді.


«Қызылжар ауданы бүгін үздіктердің қатарында. Бүгінгі көрсеткіштерді одан әрі жақсарта түсу керек. Сізге артылар жүк ауыр. Міндетіңізді абыроймен орындай аласыз деп ойлаймын», — деді Ерік Сұлтанов.

Осыған дейін бұл қызметті Еркебұлан Каменов атқарған. Облыс әкімінің жарлығымен ол кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.