Конституциялық кеңес 18 жылда 25-тен астам заң мен халықаралық келісімшартты ата заңға сай емес деп тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституциялық кеңес 18 жылда 25-тен астам заң мен халықаралық келісімшартты ата заңға сай емес деп тапты

Конституциялық кеңес 18 жылда 25-тен астам заң мен халықаралық келісімшартты ата заңға сай емес деп тапты

Конституциялық кеңес 18 жылдық жұмысы барысында 25-тен астам заң мен халықаралық келісімшартты ата заңға сай емес деп тапты,

  • 27 Тамыз 2014
  • 526
Фото - Caravan.kz

    деп мәлімдеді кеңес төрағасы Игорь Рогов.

«Өткен жылдар ішінде кеңес 25-тен астам заң мен халықаралық келісімді ел Конституциясына қайшы деп тапты», — деді ол сәрсенбідегі брифингте.

«Олардың арасында: Конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Азаматтық кодекстің алғашқы редакциясы, Қазақсан парламенті туралы, Діни сенім бостандығы, жылжымайтын мүлік құқын мемлекеттік тіркеу және тағы басқа заңдар бар», — деді И.Рогов.

Оның айтуынша, жалпы 18 жылда КК «190-ға жуық өтінішті» қарап шыққан.


«Олардың басым бөлігі мемлекет басшысынан (21), парламент палаталарының төрағалары мен депутаттардан (74), соттардан (66), премьер-министрдің атынан (27) келіп түсті. Конституциялық кеңес шамамен 140 нормативтік қаулы мен 18 жыл сайынғы жолдауды қабылдады», — деді КК басшысы.