Кеден комитетінің бұрынғы басшысы С. Баймағанбетовті колониядан Қарағандыдағы түрмеге ауыстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеден комитетінің бұрынғы басшысы С. Баймағанбетовті колониядан Қарағандыдағы түрмеге ауыстырды

Кеден комитетінің бұрынғы басшысы С. Баймағанбетовті колониядан Қарағандыдағы түрмеге ауыстырды

Пара алғандығы үшін сотталған Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағанбетовті оның ұрып-соғу фактісі бойынша өтініші  негізінде  қылмыстық істі тергеуге байланысты АК-159/6 колониясынан Қарағандыдағы түрмеге ауыстырды.

  • 27 Тамыз 2014
  • 546
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының бастығы Мұхамедкәрім Бектұрсынов хабарлады.

 «Қылмыстық істі прокуратура қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы С. Баймағанбетовтің барлық дәлелдерін толықтай, жан-жақты және объективті тексеру мақсатында қозғады. Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар тергеу жүргізуде», — деді бүгін брифингте М. Бектұрсынов.

Ол қылмыстық іс ҚР ҚК 307- бабы — «Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану» бойынша қозғалғанын нақтылады.

«Іс Баймағанбетовтің айғақтарында 2013 жылы қаңтарда және осы жылғы сәуірде орын алған екі факті бойынша тергелуде», — деді арнайы прокурорлар басқармасының бастығы.

Бұл ретте ол сот-медициналық сараптама Баймағанбетовтен қандай да бір дене жарақаты табылмағанын мәлімдеді.

 «Қазір тергеу арқылы Баймағанбетовтің барлық дәлелдері тексерілуде. Әзірге ешкім айыпталған жоқ. Тергеу нәтижесі бойынша анықталатын болады», — деп атап өтті М. Бектұрсынов.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, ҚАЖК жеке қауіпсіздік қызметі Баймағанбетовтің шағымы бойынша тексеру жүргізді, оның нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды.

 «Істі тергеу үш айға созылды. Алдағы тергелетін әрекеттер көлемі де ауқымды. 20 маусымнан бастап алдын ала тергеу кезеңінде Баймағанбетовті АК-159/6 колониясынан Қарағанды қаласы № 16 тергеу оқшаулағышына ауыстырды», — деп хабарлады арнайы прокурорлар басқармасының бастығы.

Еске сала кетейік, ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы С. Баймағанбетовке 2013 жылғы қаңтарда пара алғаны үшін қатаң режімдегі колонияда жазасын өтеу үкімі кесілген. 2013 жылғы қаңтарда бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлері қамалатын  Қарағанды облысындағы АК-159/6 түзеу мекемесіне жіберілген.

Сондай-ақ, "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, Ішкі істер министрлігі Кеден комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағанбетовтың түрмеде соққыға жығылғанын растайтын айғақтар таба алмады. Бұл туралы сәрсенбі күні Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков.

«Айыптау үкімі өткен жылы қараша айында күшіне енген болатын. Ол сол жаққа көшірілді, яғни, Долинка ауылындағы бұрынғы құқық қорғау органдары мен сот қызметкерлері отыратын АК-159/6 түрмесіне жөнелтілді», — деді Т.Жәнібеков сәрсенбідегі брифингте.


Оның айтуынша, «колонияға келгеннен кейін (…) Баймағанбетов 15 күнге дейін ұстайтын карантин бөлмесіне орналастырылған».

«Сол күндері оның адвокаттары Баймағанбетовтің қорланып, ар-намысы аяқ-асты болғаны және соққыға жығылғаны туралы шағымданды. Бұл қараша айы болатын», — деді Т.Жәнібеков.

ІІМ өкілінің сөзіне қарағанда, министрлік бұл мәселені бірден қолға алып, ішкі қауіпсіздік қызметі өкілдерін сол жаққа жөнелтіпті.

«Үш арыз тіркелді. Баймағанбетов оларды сол жаққа көшірілген кезде жазды. Арнайы медициналық комиссия, яғни, тәуелсіз сот сарапшылары барып қайтты. Тексердік. Алайда, оның денесінен соққы ізі табылған жоқ. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шықты. Бірақ, 30-мамырда қаулының күші жойылып, 307-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді Т.Жәнібеков.

Қазір Қарағандының арнайы прокурорлары тергеу-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

ІІМ өкілі С.Баймағанбетовтың төбелес кезінде таяқ жеуі мүмкін екенін де жоққа шығарды.

«Ешқандай төбелес болмаған. (…) Сарапшылар үш рет барып қайтты. Тексеру барысында да, сот-медициналық сараптамалар да оның денесінен соққы ізін таба алмады», — дейді Т.Жәнібеков.

Сонымен қатар ол «Баймағанбетовтың Қарағандыда Астанадағы колонияға ауыстыру туралы бес өтініш келіп түскенін» алға тартты.

Т.Жәнібековтың айтуынша, оның бұл талабын орындау мүмкін емес. «Өйткені, түрлі мерзімдерге кесілген құқық қорғау орындары мен сот қызметкерлері жазасын арнайы колонияларда өтеуі тиіс. Мұндай түрме бізде тек Қарағандыда ғана орналасқан» дейді ол.