Чехтар Путинді асыра мақтаған президентін жұмыртқамен атқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чехтар Путинді асыра мақтаған президентін жұмыртқамен атқылады

Чехтар Путинді асыра мақтаған президентін жұмыртқамен атқылады

Чехтар 70 жастағы президентін жұмыртқамен атқылады. Ресейге бүйрегі бұрып, соңғы кезде Владимир Путинді асыра мақтап сөйлеп жүрген Милош Земанға ел-жұрты осылай қарсылық білдіруде.

  • 19 Қараша 2014
  • 320
Фото - Caravan.kz


Бұл күні чехтар социалистік режимнің құлағанына 25 жылдығын тойлап жатқан еді. Алайда мереке соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Ашуға мінген жұрт, бұзақы футболшыны алаңнан қуатын қызыл карточкаларды қолдарына ұстап «Земан, тағыңнан кет!», «Бізді масқараладың!» деп жан-жақтан жабылып айқайға басты. Шерушілер президенттің ұлттық мерекемен құттықтау сөзіне де құлақ асқан жоқ. Милош Земан жақында ресейлік арналардың біріне берген сұхбатында әріптесі Путинді асыра мадақтаған болатын. Ал Украинаның шығысындағы қырғынға Киевтің өзін айыптаған. Ресей, социализм десе төбе шаштары тік тұратын чехтарға президенттерінің айтқаны әрине ұнаған жоқ. Ашуға мінген жұрт осылай жаппай жұмыртқа лақтырып, президентке қолшатырмен қорғануға тура келді.